«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты
2025 жылдың 8 қыркүйек күні 6 «Ә» сыныбында «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға отбасындағы өзара сыйластықтың маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін әңгімелеп, жағдаяттық тапсырмалар орындап, мақал-мәтелдер арқылы ой бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен қызықты өтті. Сынып жетекшісі: Е.Ж. Қасен