СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 2 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сыныбында «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болудың маңызы түсіндірілді. Қауіпсіз бас тарту жолдары, «жоқ» деп нақты айту, жеке ақпаратты бермеу және күмәнді жағдайларда үлкендерден көмек сұрау туралы айтылды. Талқылау барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.