Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы
09
қыркүйек
2025
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы
2025 жылдың қыркүйек айында «Абайлаңыз, балалар!» атты акция өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, жаяу жүргіншілердің қозғалыс тәртібімен таныстыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Іс-шара барысында оқушыларға жол белгілерінің маңызы түсіндіріліп, түрлі көрнекіліктер көрсетілді. Сонымен қатар, қауіпсіздікті сақтау бойынша сұрақ-жауап өткізіліп, оқушылар белсенділік танытты.
Ұлы Абай ақынның 180 жылдыға орай “Қара өлең - менің қазынам” атты челленджі
09
қыркүйек
2025
Ұлы Абай ақынның 180 жылдыға орай “Қара өлең - менің қазынам” атты
2025-2026 оқу жылында Ұлы Абай ақынның 180 жылдыға орай “Қара өлең - менің қазынам” атты челленджін бастадық. 11 “А” сыныбы 5-қыркүйек “Қазақстан халқының тілдері күніне” арнап өлең шумақтарын оқыды. Челенджді 11 “Ә” сыныбы жалғастырады. Челендждің мақсаты: Қазақтың қара өлеңін дәріптеп, әдеби қазыналарымыз арқылы ұлттық рухты, бірлікті және елге деген сүйіспеншілікті жас ұрпақ бойына сіңіру.
ОТБАСЫ КҮНІ
09
қыркүйек
2025
ОТБАСЫ КҮНІ
2025 жылдың 9 қыркүйек күні №93 жалпы білім беретін мектебінде Отбасы күніне орай «Менің отбасым - менің мақтанышым» шығармашылық челленджі өтті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты
08
қыркүйек
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты
2025 жылдың 8 қыркүйек күні 7 «А» сыныбында «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға отбасындағы өзара сыйластықтың маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін әңгімелеп, жағдаяттық тапсырмалар орындап, мақал-мәтелдер арқылы ой бөлісті. Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен қызықты өтті. Сынып жетекшісі: А.Х. Сыдыкова