Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
25
ақпан
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 11 «А» сынып оқушысы, «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер Ахметжанова Руана Ролановна «XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалды жобасына қатысып, өз білімін жоғары деңгейде көрсетті. Аталған жоба «Хабар агенттігі» ұйымдастыруымен өткізіліп, еліміздің дарынды жастарын анықтауға бағытталған беделді білім бәйгелерінің бірі болып табылады. Руананың бұл жетістігі – табандылық пен үздіксіз еңбектің жемісі. Білім мен бәсекеге толы додада мектеп намысын
ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
24
ақпан
2026
ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйіне барып, «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты танымдық экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында оқушылар қазақ халқының біртуар перзенті, ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды. Мұражай қорындағы құнды жәдігерлермен, тарихи құжаттармен танысып, ұлт ұстазының ел болашағы үшін атқарған ерен еңбегіне тереңірек үңілді. Тағылымы мол
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
23
ақпан
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Халықаралық «AUEN ART FEST» байқауында «АСПАПТА ӨНЕР КӨРСЕТУ» аталымы бойынша Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №3 Оқушылар үйі КМҚК «Дала сазы» домбырашылар ансамблі Хабиболла Тастанов «Би» күйі үздік өнер көрсеткені үшін мектее оқушылары І орынмен марапатталды.
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
20
ақпан
2026
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
«Өнер мен спорт – жан мен тән сұлулығының кепілі» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және өнер мен спорт арқылы жан-жақты тұлға қалыптастыру. Жауапты мұғалімдер: дене шынықтыру, АӘжТД, көркем еңбек пәні мұғалімдері. Өнер мен спорт ұштасқан апталық баршаңызға көтеріңкі көңіл күй сыйласын!
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
19
ақпан
2026
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
«Өнер мен спорт – жан мен тән сұлулығының кепілі» атты апталық жабылуы өтті! Апталық бойы көрсеткен белсенділік пен өнерді бағалап, жеңімпаздарымыз марапатталды. Барлығы үшін керемет көңіл-күй мен сергітетін атмосфера орнады! Жауапты мұғалімдер: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
18
ақпан
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен ХХІ «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңіне Туризм және спорт секциясы бойынша  І орын иегері №03 жалпы білім беретін мектептің  4-сынып оқушысы Турехан Адина марапатталды.  Жетекшісі: Донгабакова Алтын Кахармановна