СЫНЫП САҒАТЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар Ата заңның маңызы, оның қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.