Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қыркүйек
2025

ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ
2025 жылдың 12 қыркүйек күні Бостандық ауданы Жас сайлаушылар клубының салтанатты отырысы өтті. Жиынға аудандағы жас сайлаушылар мен мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдарының президенттері қатысты. Аталған жиынға мектебіміздің президенті Болатова Малика қатысты.
Салтанатты жиынды Бостандық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Қалиасқарова Шолпан Рысбековна ашып, “Демократиялық қоғамды қалыптастырудағы сайлаудың рөлі” туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жас және болашақ сайлаушыларға клубтың мақсаты мен міндеттерін таныстырды.
Жиын барысында Бостандық ауданы әкімдігінің өкілі Сенбай Айбек Қайратұлы, «Комьюнити» орталығының басшысы Дауыл Тоғжан Бауыржанқызы, сондай-ақ Алматы қаласы ББ ЖТҚҒӘО әдіскері Тасмағанбетова Бинегүл Кунтуовна сөз сөйлеп, клуб жұмысының болашағы зор екеніне тоқталып, сәттілік тіледі.
Отырыс соңында Жас сайлаушылар клубының мүшелеріне арнайы төсбелгілер табыс етілді.