23
желтоқсан
2025
«Мен – көшбасшымын!» IV қалалық слеті
«Мен – көшбасшымын!» IV қалалық слеті
2025 жылғы 23 желтоқсан күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен мектеп және студенттік парламент көшбасшылары арасында «Мен – көшбасшымын!» атты IV қалалық слет өтті. Слетке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Елубай қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Слеттің мақсаты — оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы олардың отаншылдық сезімін, жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін, ынтымақтастығын арттыру, кәсіби өсуге ұмтылысын қолдау және шығармашылық бастамаларын дамыту.
Пленарлық отырысқа 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында мектеп және студенттік парламент көшбасшылары, слет қонақтары, сондай-ақ өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестірушілер болды.
Слет – жас көшбасшылар үшін тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен бастамаларға жол ашатын маңызды алаң болды.