Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
желтоқсан
2023

ҚЫДЫРБЕК ӘЛИХАН «МЕН — КӨШБАСШЫМЫН!» ҚАЛАЛЫҚ СЛЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ

🔹2023 жылдың 8 желтоқсан күні мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы Қыдырбек Әлихан Жамбасбайұлы «Мен — көшбасшымын» тақырыбында өткен мектеп және колледж парламенттері көшбасшыларының қалалық слетіне қатысты. 

🔹Қалалық слетте Қыдырбек Әлихан «Балалар бірлестіктері мен қозғалысы — жеке тұлғаны дамыту және әлеуметтендіру факторы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасы үздік жұмыс ретінде әділқазы алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

🔹Слет соңында Қыдырбек Әлихан «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының арнайы грамотасына ие болды. Мектеп мерейін асқақтатқан шәкіртімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! 

🔹Жетекшісі: Өтеген Бекет Үсенбекұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.