Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ақпан
2025

БІЗ БЕЙБІТ БОЛАШАҚТЫ ТАНДАЙМЫЗ!

БІЗ БЕЙБІТ БОЛАШАҚТЫ ТАНДАЙМЫЗ!
2025 жылдың қаңтар айында “Діни экстремизм мен терроризм – қоғамға қауіп” тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға экстремистік идеологияның зиянын түсіндіріп, қауіптен сақтану жолдарын үйрету.
Оқушылар діни экстремизм мен терроризмнің белгілері, олардың қоғамға тигізетін зардаптары жайлы тың ақпарат алды.
Күмәнді діни ағымдардан қалай сақтану керектігі, интернеттегі қауіп-қатерлер туралы айтылды.
Мамандар жастарға дұрыс ақпарат көздерін таңдаудың маңыздылығын түсіндірді.
Бұл кездесуден кейін оқушылар өздерінің діни сауаттылығын арттырып, күмәнді ақпараттардан сақ болу керектігін ұқты. Біз жастарды білімді, саналы және бейбіт өмір сүруге тәрбиелеуді жалғастырамыз!
Біз татулық пен бейбітшілікті қолдаймыз!
#ДіниЭкстремизмгеЖоқ #ТерроризмгеҚарсымыз #СаналыҰрпақ #ҚауіпсізҚоғам