Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қаңтар
2025

ЕРЛІК САБАҒЫ

ЕРЛІК САБАҒЫ
Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, майор Кенебаев Карибай Даркембаевичтің ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай», авиация генерал майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов туралы Ерлік сабағы өтті.
Іс-шараның қонақтары: Ауған соғысының ардагері подполковник Дуйсенбаев Байлықожа , Қазақстан Республикасының ардагері полковник Мырза Қаржауов және Бостандық ауданы бойынша жастардың адамгершілік азаматтық - патриоттық тәрбие жөніндегі ардагерлер комиссиясының төрағасы - Абилханов Рахым Абилханович қатысты Олар батырдың ерлік істері жайлы әңгімелерді тілге тиек етті.
Іс-шараның мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, Батырдың ерлік істері туралы әңгімілей отырып, өмір жолын, ерлігін танытып және үгіт өнеге тұту.
“Отанды сүю әр азаматтың міндеті емес –парызы” дей отырып, 8 сынып «Жас сарбаз» ұйымының оқушылары автоматпен «Дефиле» - және мектеп оқушыларын Калашников Автоматын шашып жинау өнерлерін көрсетті.
Патриоттық іс-шара № 93 ЖББ мектеп оқушыларының орындауындағы “Атамекен” әнімен қорытындыланды.
Сабақ соңыңда майор Кенебаев К. Д. сөз сөйлеп, сабаққа арнайы келген қонақтар мен оқушыларға өз ризалығын білдірді.