Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
желтоқсан
2023

«ЖЕЛБІРЕЙ БЕР, ТӘУЕЛСІЗДІК БАЙРАҒЫ!» атты СПОРТТЫҚ ТУРНИР

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай мектебімізде 2023 жылдың 11 желтоқсан күні 2-сынып оқушылары арасында «Желбірей бер,  тәуелсіздік байрағы!» атты спорттық турнир өтті. 

Спорттық турнирдің мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ой-санасы еркін, ерік-жігері мықты азамат тәрбиелеу. 

Турнир барысында оқушылар түрлі спорт түрлерінен бақ сынасты. Спорттық турнирдің қорытындысы бойынша оқушылар I, II және III орындарға және сыйлықтарға ие болды.