Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
желтоқсан
2023

«ЕҢСЕЛІ ЕР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ» тақырыбындағы ӘСКЕРИ САЙЫС

🔹ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай 2023 жылдың 7 желтоқсанында мектебімізде «Еңселі ер — ел қорғаны» атты әскери сайыс өтті. 

🔹Әскери сайыстың мақсаты — оқушыларымыздың бойында  отансүйгіштік сезімін дамыту, елімізді қорғауға деген қызығушылығын ояту, жастардың тәуелсіздік туралы саналы көзқарасын қалыптастыру. 

🔹Әскери сайыста «Жас сарбаз» үйірмесіне қатысушы оқушылар Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша бақ сынасты. 

🔹Әскери сайысқа құрметті қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасына қатысқан Асылбек Перуза Өзенбекқызы, Болатбаева Күлшат Нүсіпжанқызы, Жалдаева Ұлжан Қуанқызы шақырылды. 

🔹Іс-шара барысында оқиға куәгерлері тарихқа шынайы бағасын бере отырып, қазіргі тәуелсіздігімізді қадірлеп, оны келер ұрпаққа аманат қылуды ұлағат етті. Тәуелсіздік біздің бар байлығымыз екенін жастарға ұғындырып, өз бастарынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, жиынға жиналған қауым желтоқсан оқиғасына қатысушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жеткізді.