Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
қазан
2023

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҰСТАЗ КОНТЕНТІ» тақырыбындағы ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2023 жылдың 31 қазан күні мектебімізде «Шеберлік сағаты» жобасының аясында «Білім берудегі ұстаз контенті» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. 

Жобаның мақсаты — озық педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату, мұғалімдер арасында еркін әрі жаңашыл шығармашылық платформа қалыптастыру және жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету. 

Әдістемелік семинардың спикері — Онгарбаева Назерке Бекайспайқызы, бастауыш сынып мұғалімі, жас маман. Әріптесіміз әдістемелік семинарда өзіндік іс-тәжірибесімен бөлісіп, оқытудың озық технологияларын ұсынды. 

Әдістемелік семинар соңында мектеп ұстаздары спикерге өз алғыстарын білдіріп, ризашылығын жеткізді.