Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
маусым
2023

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ

2023 жылдың 22 маусым күні мектебімізде түлектерге аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті. Бұл - тілеулес болған ұстаздар мен ата-аналар үшін толқынысқа толы сәт! Ал жас түлектер үшін бұл - жаңа, ересек өмірге жолдама.

11 жылғы еңбектерінің нәтижесімен түлектерді құттықтай отырып, мектеп директоры Тұрмахан Рита Тәжімқызы салтанатты түрде аттестат табыстады.

Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Түлектеріміз мектеп беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. 

Ұстаздарымыздың ерен еңбегінің арқасында биік белестерден көрініп, мектеп мерейін асқақтатты. Осы орайда түлектерге сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар, қиын сәттерде дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, ақыл-кеңесін аямаған аяулы ұстаздар қауымы мен әрқашан қолдау көрсетуге дайын ата-аналарыңызға ерекше алғыс білдіреміз!

Мектеп бітірушілер мұғалімдерге деген алғыстарын, жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын жүректен шыққан ән мен өлеңдер арқылы жеткізді. Сынып жетекшілері де өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі.

Жас түлектер, үлкен өмірге аттаған қадамдарың құтты болсын! Талаптарың оң болсын! Сапарларың сәтті болсын!