Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сәуір
2023

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы күніне орай 2023 жылдың 28 сәуірінде мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Әлем халықтарының фестивалі» байқауы өтті. 

Фестивальдің мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық және мәдени құндылықтарды дамыту, ортақ шаңырақ Отанымызда өмір сүріп жатқан этностардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері мен мәдениетін көрсету. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін фестивальге 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Сонымен қатар, фестивальге қонақ ретінде қатысқан 2 «А», 4 «А» және 4 «Ә» сыныбының жас бүлдіршіндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Фестиваль соңында қатысушы барлық сыныптар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.