Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
наурыз
2023

КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! 
Қымбатты оқушылар! Баршаңызды көктемнің жылы лебімен бірге келген Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14 – наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Бұл – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам.

Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

Ай бойы үзілмей жылға ұласатын бұл мерекеде үлкен-кіші ағайын сәлем берісіп, бір-біріне ренжіскен адамдар болса міндетті түрде кешірім сұрап, өкпе реніштерін ұмытып, амандық-саулық сұрасып көрісіп, өзара «Жаңа жыл құтты болсын!», «Ұлыс оң, ақ мол болсын!», «Амалдан амалға жете берейік» деп құт береке тілеседі.

Ендеше бүгінгі келіп жеткен жыл баршаңызға құтты болып, бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мереке әр шаңыраққа жақсылық, ырыс, несібесін молынан ала келсін деп тілейміз! 

Мектебіміздің 1 «А» сынып оқушылары сіздерді Көрісу мерекесімен құттықтай отырып, мерекелік бейнематериалын назарларыңызға ұсынады. Сынып жетекшісі: Донгабакова Алтын Қаһарманқызы.