Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
желтоқсан
2022

«ЕЛ ТАРИХЫН ЖАҚСЫ БІЛЕМІЗ БЕ?» тақырыбындағы ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН

16 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай мектебімізде 2022 жылдың 12 желтоқсан күні «Ел тарихын жақсы білеміз бе?» атты танымдық ойын өтті. 

Танымдық ойынның мақсаты — оқушыларды егемен еліміздің тарихымен, мәдениетімен тереңірек таныстыру, Қазақстан тарихынан білімдерін тексеру және тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз туралы білімдерін молайту. 

Ойын барысында оқушылар ұсынылған карточкалардағы сұрақтарға жауап беріп, арнайы дайындалған тәтті бауырсақтар мен шоколадтардан дәм татты.