Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
желтоқсан
2022

«ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» тақырыбындағы КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС

16 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай мектебімізде 2022 жылдың 12 желтоқсан күні өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбындағы көшбасшылық дәріс өтті. 

Көшбасшылық дәрістің мақсаты — оқушыларды Отанды сүюге баулу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілік, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, егемен елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көшбасшылық дәріс барысында спикер Алияскарова Бибігүл Базильбайқызы оқушылармен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді, қазіргі әлеуметтік реформаларды, ел егемендігіне әсер етуші факторларды талдап, өзара ой бөлісті.