Кәсіби бағдарлау жұмыстары
9 «А» сыныбының кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында оқушыларымыз Халықаралық инженерлік-технологиялық колледжіне барып, түрлі мамандықтармен танысты. Шараны мектептің профориентолог мұғалімі Данабек Д.А ұйымдастырып, оқушыларға болашақ кәсібін таңдауда бағыт-бағдар берді. Балалар инженерия, технология және басқа да қызықты салалар туралы мол мағлұмат алды.