Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
05
қыркүйек
2025
МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
7 қыркүйек - мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің дамуы мен болашағы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз зор.  Осы орайда №93 жалпы білім беретін мектебінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай челлендж бастау алды. Челленджге қатысушы 7 «А» сынып оқушысы Демеш Алихан. Челлендждің мақсаты – еңбегі ел игілігіне жұмсалып жатқан сала мамандарына алғыс білдіру, оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: А.Х. Сыдыкова
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ
05
қыркүйек
2025
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ
5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күніне орай №93 жалпы білім беретін мектебінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан халқы тілдерінің құндылығын айқындайтын еңбектер мен Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары қойылды.  Шараның мақсаты – жас ұрпаққа тілдің қадірін түсіндіру, ұлт ұстазының еңбегін насихаттау.
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ
05
қыркүйек
2025
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ
№93 жалпы білім беретін мектебінің ауласында таңғы жаттығу өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасады. Мұндай шаралар балалардың шынығуына, күнді сергек әрі қуатты бастауына ықпал етеді.