Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының бақылауы
12
желтоқсан
2024
Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының бақылауы
Желтоқсан айының 12-күні №93 жалпы білім беретін мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Мектепте оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда.  Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады. 
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
11
желтоқсан
2024
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
№93 ЖББМ “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жоспарына сәйкес Құқық фракциясының ұйымдастыруымен 10-сыныптар арасында “Желтоқсан оқиғасы және әлеуметтік маңызы” тақырыбында интеллектуалды ойын өтті.
“ЕҢ КӨП КІТАП ОҚИТЫН ОТБАСЫ” ЧЕЛЛЕНДЖІ
11
желтоқсан
2024
“ЕҢ КӨП КІТАП ОҚИТЫН ОТБАСЫ” ЧЕЛЛЕНДЖІ
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінде “Ең көп кітап оқитын отбасы” челленджі бастау алды.  Челленджге қатысушы: 3 “А” сынып оқушысы Совхозбек Дінислам. Сынып жетекшісі: А.К. Донгабакова
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНА САЯХАТ
11
желтоқсан
2024
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНА САЯХАТ
5 “Ә” сынып оқушылары Крылов атындағы балалар кітапханасында өткен “Адалдық - ардық ісі” атты ақпараттық-тәрбие сағатына қатысып қайтты. Адалдық тақырыбында пікір алмастырып, кітапханаға келген жаңа кітаптармен танысты. Кітапханашы: Мәкіш Ж.А.
БОЛАТОВА МАЛИКА - ҚАЛАЛЫҚ СЛЕТ ҚАТЫСУШЫСЫ
11
желтоқсан
2024
БОЛАТОВА МАЛИКА - ҚАЛАЛЫҚ СЛЕТ ҚАТЫСУШЫСЫ
“Мен - көшбасшымын!” мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінің қатысушысы - “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының президенті Болатова Малика