Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
12
желтоқсан
2024
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
2024 жылдың 12 желтоқсан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде Желтоқсан оқиғасы ардагерлерінің қатысуымен “Желтоқсан - ерлік тарихымыз” тақырыбында ерлік сабағы өтті. Шара барысында ардагерлеріміз өскелең ұрпаққа Тәуелсіздік жолымызда өткен оқиғаларымен бөлісіп, оқушылар мерекелік бағдарламасын ұсынды.
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
12
желтоқсан
2024
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
№93 ЖББМ “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жоспарына сәйкес “Ұшқыр ой алаңы” дебат клубының ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында “16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні” тақырыбында АПФ форматында дебат ойындары өтті. Ойын соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
“ЕҢ КӨП КІТАП ОҚИТЫН ОТБАСЫ” ЧЕЛЛЕНДЖІ
12
желтоқсан
2024
“ЕҢ КӨП КІТАП ОҚИТЫН ОТБАСЫ” ЧЕЛЛЕНДЖІ
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінде “Ең көп кітап оқитын отбасы” челленджі бастау алды.  Челленджге қатысушы: 3 “А” сынып оқушысы Бимбетова Айару. Сынып жетекшісі: А.К. Донгабакова
Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының бақылауы
12
желтоқсан
2024
Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының бақылауы
Желтоқсан айының 12-күні №93 жалпы білім беретін мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Мектепте оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда.  Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.