Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
01
қыркүйек
2021
ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңа оқу жылының қарсаңында мектебіздің ұстаздары Жақсыбекова Нұргүл Мұхамбетқызы мен Қалназар Әсем Жарқынқызына педагогикалық қызметіндегі елеулі еңбектері мен жетістіктері үшін ерекше құрмет көрсетіліп, кәсіподақ атынан арнайы гүл шоқтары мен сый-сыяпаттар табысталды. Шығармашыл, еңбекқор әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
01
қыркүйек
2021
ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Мектебімізде 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай «Біртұтас ұлт — біртұтас әскер» әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасының негізінде Ерлік сағаты өтті.  Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойындағы патриоттық құндылықтарды дамыту; өз отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, өмірі өнегеге толы ер-азаматтардың ерлік істерімен таныстыру.  Ерлік сағатының барысында патриоттық  мазмұндағы материалдар көрсетіліп, оқушылармен сұрақ-жауап, өзара пікір алмасу болды.
КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
01
қыркүйек
2021
КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай мектебімізде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.  Алғашқы қоңырау үні — ғажап! Сол үнмен бірге тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған шәкірттерімізге «Әліппеміз» оралды. Сонымен қатар, білім ұялары дәстүрлі форматтағы оқуға оралды.  Кез келген жанның жүрегінде алтын әріппен жазылатын тарихи күн биыл жақсы жаңалықтармен ерекшеленіп отыр. Мектебіміз де ғылым мен техниканың жетістіктерімен заманауи үлгіде жабдықталып,