ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
22
май
2023

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ

2023 жылдың 22 май күні мектебімізде Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан арнайы келген қонақтардың келу құрметіне арналған «Достық мәңгі жасасын!» тақырыбындағы мерекелік бағдарлама аясында футболдан жолдастық кездесу өтті. 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «Сұңқар» құрама командасы — Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушылары, жас спортшылар, футболдан қорытынды кезеңде Қарағанды облысының командасын 5:0 есебімен ұтып, республикалық турнир жеңімпазы атанған чемпиондар. 

Жолдастық кездесуде қонақтарымыз да, мектебіміздің оқушыларынан құралған команда да үздік ойын үлгісін көрсетіп, алғыс пен құрметке бөленді.