«ДОСТЫҚ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
22
май
2023

«ДОСТЫҚ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА

2023 жылдың 22 май күні мектебімізде Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан арнайы келген қонақтардың келу құрметіне арналған «Достық мәңгі жасасын!» тақырыбында мерекелік бағдарлама өтті. 

Арнайы ат басын бұрған қонақтарымыз — Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушылары, жас спортшылар, футболдан қорытынды кезеңде Қарағанды облысының командасын 5:0 есебімен ұтып, республикалық турнир жеңімпазы атанған чемпиондар. 

Қонақтардың келу құрметіне орай мектебіміздің талантты оқушылары мерекелік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін көрсетті. Қадірменді қонақтарымыз үшін арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Бағдарлама соңында жетекші ұстаздар Жарылқасын Жунисов, Ерлан Құрманов мектеп әкімшілігі мен ұжымына алғыс айтып, ыстық ықыласқа толы ризашылығын білдірді.