БАХЧЕШЕХИР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ТҮРКИЯ) ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
19
май
2023

БАХЧЕШЕХИР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ТҮРКИЯ) ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылдың 19 май күні мектебіміздің жоғары сынып оқушылары Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Бахчешехир университетінің өкілдері Осман Эсмина ханыммен және Аян Нармагамбетовпен кездесті.

Бахчешехир университеті — жоғары мамандандырылған оқытушылар құрамының және жақсы ұйымдастырылған ресурстардың, жоғары стандарттар жиынтығының және таңдаулы студенттердің арқасында жетістікке жеткен жетекші түрік университеті. 

Кездесу барысында қонақтар шәкірттеріміздің өнерін тамашалап, университет туралы таныстырылым жасады. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілін меңгерген білімді оқушыларымызбен өзара сұхбат құрып, сұрақтарына жауап берді. Осман Эсмина ханым өз сөзінде: «Біз таныстырылыммен 8 мемлекетте қонақта болдық. Бірақ, бүгінгі кездесуден алған әсеріміз ерекше. Жоғары деңгейдегі қабылдау үшін сіздерге шын жүректен алғыс білдіреміз!» — деді. 

Кездесу соңында қонақтарымыз арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып, ыстық ықыласқа толы ризашылығын білдірді.