05
май
2023
«ОТАНЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА
2023 жылдың 5 май күні Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіске 78 жыл толуына байланысты мектебімізде «Отаным — бақыт мекенім» тақырыбында мерекелік бағдарлама өтті.
Мақсаты — оқушыларды Отанын сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін үлгі тұту, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Мерекелік бағдарламаға құрметті қонақ ретінде:
1. Қазақстан Республикасы Әуе күштері ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-майор Малей Виталий Иосифович;
2. «Чернобыль» ассоциациясының құрметті президенті, капитан Раздыков Болат Кисаевич;
3. Ауған соғысының ардагері Байылғожа Дүйсенбаев шақырылды.
Мерекелік бағдарламада оқушыларымыз өз өнерін көрсетіп, патриоттық тақырыпта ән шырқап, би биледі. Мектебіміздің ержүрек жігіттері мен батыл қыздары дзюдо және автомат шашып-жинау бойынша мастер-класс көрсетті.
Бағдарлама соңында іс-шараның құрметті қонақтары мен мектебіміздің ер-азаматтарына мерекелік дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.