ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
октябрь
2022

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» — деген.

30 октябрь күні ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті. Шәкірт тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек етіп жүрген ұстаздар марапатталып, назарларына концерттік бағдарлама ұсынылды. 

Қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп, жастарға үлгі өнеге көрсетіп жүрген аға буынға ұжым атынан естелік сыйлықтар тарту етілді. Өз кезегінде ардагер ұстаздар құрмет көрсетіп, ізеттілік танытқан жастарға алғысын жаудырып, қазақстандықтар үшін бейбіт те берекелі өмір тіледі.

Жұмысында елеулі жетістіктерге жеткені үшін көптеген ұстаздар мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөлімі атынан арнайы құрмет грамотасына ие болды. Бірлігі мен берекесі жарасқан тату ұжымда ұстаздар мерекесі көтеріңкі көңіл күйде, ерекше ыстық ықыласпен жоғарғы деңгейде аталып өтті.