ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
Версия для
слабовидящих
28
апрель
2023

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

1 май — Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы күніне орай 2023 жылдың 28 апрельінде мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Әлем халықтарының фестивалі» байқауы өтті. 

Фестивальдің мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық және мәдени құндылықтарды дамыту, ортақ шаңырақ Отанымызда өмір сүріп жатқан этностардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері мен мәдениетін көрсету. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін фестивальге 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Сонымен қатар, фестивальге қонақ ретінде қатысқан 2 «А», 4 «А» және 4 «Ә» сыныбының жас бүлдіршіндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Фестиваль соңында қатысушы барлық сыныптар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.