🇰🇿 1-МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
Версия для
слабовидящих
02
май
2022

🇰🇿 1-МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 октябрьында Қазақстан Президентінің Жарлығы бойынша 1 май – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген дана халқымыз. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1-май ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы — бірлік, ел іші — тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Осы мерекеге байланысты мектебімізде сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағаттарында дүниежүзіне үлгі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы, ұлтаралық татулық пен тұрақтылық туралы әдебиеттер мен көрнекіліктер қойылды.