ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
22
апрель
2022

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Ынтымағы жарасқан елімізде бар ұлттың баласы бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Ел бірлігін ең асыл қасиетке балаған халқымыз үшін ынтымақтан асқан құндылық жоқ. Сол себепті де егемен елімізде тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың тату-тәтті тіршілігі — біз үшін үлкен жетістік.

Ұлттар достығы мен татулығын, әлем халықтарының бірлігі мен бауырмалдығын үлгі ету мақсатында мектебімізде әлем халықтарының фестивалі өтті.

Түрлі ұлттың дәстүр-салтын, киімі мен тағамын таныстырған фестиваль — тек татулықты ту етіп қана қоймай, ата-ана мен бала, ұстаздар арасын байланыстыруды көздейді. Бұл бастама мектебімізде дәстүрге айналған.

Мұндай іс-шаралар болашақ жас буынды, балаларды достыққа, сыйластыққа, бауырмалдыққа үйретеді.

Оқушыларымыз әр этностың ұлттық киімін ұлықтап, дәстүр-салтын, ұлттық өнерін көрсетті. Бар халықты бауырына басқан бірлігі бекем Қазақ еліне алғыс айтты.

Отаны – ортақ, тілегі бір халықтардың достығын көрсеткен фестиваль соңында жеңімпаз топтарға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.