⚜️ «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» БАЙҚАУЫ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
12
май
2022

⚜️ «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» БАЙҚАУЫ

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында оңтүстік астанада алғаш рет 2022 жылғы 5 май күні ауқымды іс-шара – «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алды.

«Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында өткізілген алғашқы байқау — «Жұлдызды сәт» музыкалық шығармашылық және хореография байқауы.

Байқау оқушылардың кәсіби дайындығының сапалы деңгейін арттыру, әлемдік музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру, әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, дарынды орындаушыларды анықтау, әлемдік музыка өнерінің үздік жетістіктерін сақтау және дамыту, қоғамдағы музыка мәдениетінің мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді.

Байқаудың мектепішілік кезеңінің қорытындысы бойынша 6 «Ә» сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі үздік деп танылып, аудандық кезеңге ұсынылды.