КҮЗГІ АСАР
2025 жылдың 23 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында 8-10 сыныптар арасында «Күзгі Асар» шығармашылық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1. Күз сыйы (қолөнер жұмысы) 2. Күз келбеті (сурет байқауы) 3. Күз сәні (сән үлгісі) Қатысушылар жоғары деңгейде дайындалып, жүлделі орындарды иеленді.