Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
05
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Шығармашылық шеберхана: Бояулар құпиясы» атты қалалық сурет байқауының аудандық кезеңінің І орын иегері «№93 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушысы Қайыпберген Амира марапатталды.  Жетекшісі: А.К. Донгабакова Шәкіртімізді, әріптесімізді және ата-анамызды жеңісімен құттықтаймыз!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
14
қараша
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Ұлы ғалым, этнограф Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырылған қалалық сурет байқауында №93 жалпы білім беретін мектебінің 6 “Ә” сынып оқушысы Берістан Розлана жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі Т.Н.Шернияз
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
14
қараша
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендік туралы декларациясының 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Отанымның шежіресі - бояулар сөйлегенде» атты қалалық шығармашылық сурет байқауында №93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Марат Амина жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі Т.Н.Шернияз
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!
03
қараша
2025
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!
Құрметті 9-11 сынып оқушылары, шет елге оқуға түсу, халықаралық емтихандарға дайындық бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадина Нұрсұлтанқызынан кеңес алуларыңызға болатынын хабарлаймыз! Сондай-ақ халықаралық TOEFL емтиханына промокод жеңілдіктер ұсынады.
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!
20
қазан
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!
Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» акциясы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінің жас ұстаздары мен 11-сынып оқушылары елге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, патриоттық рухтағы «Атамекен» әнін орындады. Бұл шара жас ұрпақтың Отанға деген құрметі мен ел болашағына сенімін арттыруды мақсат етті.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
20
қазан
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Бостандық ауданының оқушылары мен ұстаздары елге деген сүйіспеншілігін, бірлігін және Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін білдіріп, «РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!» атты жалынды флешмоб ұйымдастырды. Шара барысында мектебіміздің 7 «А» сынып оқушылары белсене ат салысып, үлкен іс-шарадан ерекші әсер алды. Сынып жетекшісі: А.Х. Сыдыкова