Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы, елдігіміздің берік негізі. Бұл күн – тарихымызды ұлықтап, болашаққа нық қадам басатын мерейлі мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін. Жас ұрпақтың білімді, саналы, отаншыл болып қалыптасуына бірлесе еңбек ете берейік. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында атқарылар игі
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
15
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
2025 жылдың 12 желтоқсан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде тұғырлы тәуелсіздігімізге арналған «Тәуелсіздік – Ел тірегі» атты мерекелік кеш өтті.  Кеш қонақтарының қатарында Желтоқсан оқиғасының ардагері, патриоттық тәрбиенің жанашыры Өмірбекова Роза апайымыз бен 1986 жылғы оқиғалардың куәгері, ұлт рухын насихаттаушы Нағима Далабаевна апайымыз болды. Шара барысында мектеп шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық рухты дәріптеді. Шараға жауапты:  5 «А» сынып жетекшісі А.М. Саулебекова 10
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
12
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Тәуелсіздік мерекесіне орай дене шынықтырудан өткен оқушылар арасындағы волейбол жарысы қызықты да тартысты өтті! Қатысушыларға сәттілік, жеңімпаздарға құттықтау! Дене шынықтыру мұғалімі: Каскарауов Е.М.
«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ
12
желтоқсан
2025
«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінде «Досболlike» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында «Достық» акциясы ұйымдастырылды.  Акцияның мақсаты – оқушыларды бір-бірін сыйлауға, қолдауға, мейірімді болуға, позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға баулу. Балалар өз достарына жылы сөздер айтып, жағымды энергиямен бөлісті. Мектеп ішінде көтеріңкі көңіл-күй мен шынайы достық атмосферасы қалыптасты.  Жауапты: «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА
10
желтоқсан
2025
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА
2025 жылдың желтоқсан айында №93 жалпы білім беретін мектебінде Алматы қаласы Төтенше Жағдайлар Департаменті қызметкерлері мектеп пен мектептің эвакуациялау жоспарымен танысты.
«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ
08
желтоқсан
2025
«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сыныбында «Досболlike» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында «Достық» акциясы ұйымдастырылды.  Акцияның мақсаты – оқушыларды бір-бірін сыйлауға, қолдауға, мейірімді болуға, позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға баулу. Балалар өз достарына жылы сөздер айтып, жағымды энергиямен бөлісті. Мектеп ішінде көтеріңкі көңіл-күй мен шынайы достық атмосферасы қалыптасты.  Сынып жетекшісі: А.М. Саулебекова