Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!
03
қараша
2025
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!
Құрметті 9-11 сынып оқушылары, шет елге оқуға түсу, халықаралық емтихандарға дайындық бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадина Нұрсұлтанқызынан кеңес алуларыңызға болатынын хабарлаймыз! Сондай-ақ халықаралық TOEFL емтиханына промокод жеңілдіктер ұсынады.
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
30
қазан
2025
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
Күзгі демалыс уақытында бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында №93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сыныбы кинотеатрдан тәрбиелік тағылымы мол фильм тамашалады.  Сынып жетекшісі: А.М. Саулебекова
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА
28
қазан
2025
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА
Күзгі демалыс кезіндегі ата-аналарға арналған жадынама
ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
24
қазан
2025
ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2025 жылдың қазан айында №93 жалпы білім беретін мектебінде «Procter and Gamble of Kazakhstan Distribution» ЖШС қыз балаларға арналған білім беру бағдарламасын өткізді.
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
23
қазан
2025
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2025 жылдың қазан айында №93 жалпы білім беретін мектебінің қыз балаларына арналған “Ерте жүктіліктің алдын алу. Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы. Отбасын жоспарлау. ЖЖБИ-дің алдын алу. АИТВ-инфекциясының алдын алу. ЖИТС (СПИД)” тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шара қонақтарының қатарында №12 емханасының гинеколог мамандары болды.
КҮЗГІ АСАР
23
қазан
2025
КҮЗГІ АСАР
2025 жылдың 23 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы аясында 8-10 сыныптар арасында «Күзгі Асар» шығармашылық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1. Күз сыйы (қолөнер жұмысы) 2. Күз келбеті (сурет байқауы) 3. Күз сәні (сән үлгісі) Қатысушылар жоғары деңгейде дайындалып, жүлделі орындарды иеленді.