БАСТАУЫШ СЫНЫППЕН ҚОШТАСУ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сыныбында «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған!» атты бастауыш сыныппен қоштасу кеші өтті. Мерекелік кеш барысында оқушылар бастауыш сыныпта алған білімдері мен қызықты сәттерін еске алып, ән айтып, би билеп, көріністер қойды. Сонымен қатар ұстаздарына алғыстарын білдіріп, ата-аналарына ыстық ықыластарын жеткізді. Бастауышпен қоштасқан түлектерге алдағы оқу жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз! Әрқашан білімге құштар