Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
НАУРЫЗНАМА
13
наурыз
2025
НАУРЫЗНАМА
Бүгін Қазақстанда «Наурызнама» мерекелік декадасы басталды. «Наурызнама» 23 наурызға дейін жалғасады. Жаңа қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, «Наурызнаманың» әр күні жекелеген тақырыптар мен құндылықтарға бөлінген. Жеке-жеке аталып өтілетін әр күннің мән-мағынасы қазақ халқының, Қазақстан қоғамының мәдениеті мен дәстүр-салтын, әдет-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтайды.
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ - ҰЛТТЫҢ КӨРКІ
12
наурыз
2025
БҰРЫМДЫ ҚЫЗ - ҰЛТТЫҢ КӨРКІ
⚜️Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінде “Бұрымды қыз” челленджі ұйымдастырылды. Шара мақсаты:  ⚜️Қазақ халқының салт-дәстүрін, соның ішінде қыз баланың әсем бұрымын қастерлеуді насихаттау; ⚜️Қыз балаларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; ⚜️Ұлтжандылық пен ұлттық болмысқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Жауапты: “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы
Тұманбай жырлары – мәңгілік әуен
12
наурыз
2025
Тұманбай жырлары – мәңгілік әуен
№93 ЖББМ 6 “Ә” сынып оқушылары И.А.Крылов атындағы балалар кітапханасында қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Тұманбай Молдағалиевтің туған күніне орай “Ақындық ғұмырдың әнге айналған сәттері” атты әдеби кешке қатысты. Әдеби кеште Жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Шегебай, Ақын, жазушы, “Ақжелкен” журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы сөз сөйледі. Кеш барысында ақын өлеңдері оқылып, жүрекке жылы әндері орындалды. Қонақтар естеліктерімен бөлісіп, ақынның шығармашылығына шолу жасады.  Тұманбай
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
11
наурыз
2025
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ
№93 жалпы білім беретін мектебінде 6,7-сыныптар үшін “Туберкулездің алдын алу жолдары” тақырыбында №12 емхана педиатры М.К. Имантаева дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
07
наурыз
2025
8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
2025 жылдың 7 наурыз күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай “Көктем нұры - Сіздерден басталады” атты мерекелік концерті өтті. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырған: “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы
3”А” СЫНЫБЫНДА КӨКТЕМ АРУЫ -2025
06
наурыз
2025
3”А” СЫНЫБЫНДА КӨКТЕМ АРУЫ -2025
2025 жылдың 6 наурыз күні 3”А” сыныбында “Көктем Аруы - 2025” байқауы өтті. Шара барысында сыныптың қыз балалары түрлі бағыт бойынша бақ сынасты. Сынып жетекшісі: А.К. Донгабакова