Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ПОЛИЦИЯ - БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРҒАНЫ
23
мамыр
2025
ПОЛИЦИЯ - БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРҒАНЫ
2025 жылдың 23 мамыр күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Полиция - балалардың қорғаны” тақырыбында танымдық шара өтті. #Қазақстанбалалары
1 маусым — Балаларды қорғау күні
23
мамыр
2025
1 маусым — Балаларды қорғау күні
1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай, білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 23 мамыр күні сағат 10:00-де барлық білім беру ұйымдарында ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау мен белсенділікті арттыру мақсатында жоғары деңгейде өтті! #Қазақстанбалалары #ТаңғыЖаттығу #СалауаттыӨмірСалты #БалалардыҚорғауКүні #1Маусым
Оқу-тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша 2024-2025 оқу жылының есебі
23
мамыр
2025
Оқу-тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша 2024-2025 оқу жылының
№93 жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша есебі. 2024-2025  оқу жылы
«Балауса» жазғы сауықтыру лагері
20
мамыр
2025
«Балауса» жазғы сауықтыру лагері
ХАБАРЛАНДЫРУ!  Құрметті ата-аналар және оқушылар! Мектебімізде «Балауса» жазғы сауықтыру лагері ашылғалы жатыр.  Лагердің 1 маусымы 26.05-09.06.2025 аралығында өз жұмысын бастайды. Ашылу салтанаты - 26.06.2025 Жұмыс уақыты: сағат 09.00-13.00 Лагерь бағдарламасы: ☑️Таңғы жаттығулар ☑️Таза ауада серуен ☑️Спорттық ойындар ☑️Саяхаттар мен экскурсиялар ☑️Көңілді сайыстар мен қызықты ойындар.
“ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК - БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ”
14
мамыр
2025
“ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК - БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ”
2025 жылдың 14 мамыр күні №93 жалпы білім беретін мектебінде “Ұшқыр ой алаңы” дебат клубының жұмысы аясында “Экологиялық белсенділік - болашаққа нық қадам” тақырыбында дебат ойындары өтті.  Мақсаты:    1.    Экологиялық сананы қалыптастыру: Оқушылар мен жастар арасында табиғатқа деген жауапкершілікті, қамқорлықты арттыру, қоршаған орта мәселелеріне бей-жай қарамауға тәрбиелеу.2.    Сын тұрғысынан ойлау мен пікірталас мәдениетін дамыту: Қатысушылардың ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелдеп, қарсы
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
13
мамыр
2025
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2025 жылдың 13 мамыр күні №93 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына арналған “Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы. Отбасын жоспарлау. ЖЖБИ-дің алдын алу. АИТВ-инфекциясының алдын алу. ЖИТС (СПИД)” тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шара қонақтарының қатарында №12 емхана мамандары - Жолмағанбетова Алма Темирбулатовна мен Ниязова Радмила Родисловна болды.