Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ АУДАНДЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
27
қараша
2024
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ АУДАНДЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
2024 жылдың 27 қараша күні ҚР Ұлттық кітапханасында “Ұлы Жеңіс мұрагерлері” жобасының көрсетілімі өтті. Шараға №93 жалпы білім беретін мектебі “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы қатысты. Аудандық шарада 3 “А” сынып оқушылары Болатхан Айзере мен Айдарқызы Жания ән айтып, өз өнерлерін керсетті.
АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!
25
қараша
2024
АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!
Мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған білікті ұстаз Өтеген Бекет Үсенбекұлы Малайзия елінің астанасы Куала Лумпур қаласындағы іс-сапарынан мектеп ұжымына сәлем жолдайды. Бекет Үсенбекұлы - еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектеп абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстазымыз. Әріптесімізге №93 ЖББМ ұжымы атынан үлкен алғыс білдіре отыра, жаңа лауазымында толағай табыстар мен жеңістер тілейміз!
СЫНЫП САҒАТТАРЫ
25
қараша
2024
СЫНЫП САҒАТТАРЫ
2024 жылдың 25 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 7”А” сыныбы “Жемқорлық індет, жою міндет!” тақырыбында сынып сағатын өтті.  Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру. Сынып жетекшісі: А.С. Абсемет
БІЛІМ КӨРМЕСІ
22
қараша
2024
БІЛІМ КӨРМЕСІ
2024 жылдың 21 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушылары «Атакент» көрме  орталығында өткен «Білім және мансап-2024» Халықаралық білім көрмесіне қатысты.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
22
қараша
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орын алғаны үшін Донгабакова Алтын Кахармановна марапатталды.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отыра, толағай табыстар тілейміз!