Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
мамыр
2026

БІЛІМІМ – ОТАНЫМА

БІЛІМІМ – ОТАНЫМА
Елімізде мамыр айының төртінші аптасында ұйымдастырылатын «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары аясында мектебімізде эссе жазу флешмобы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқу жылын қорытындылау, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, білім алушылардың өз іс-әрекетіне рефлексия жасап, сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Флешмоб барысында оқушылар өз білімдері мен жетістіктерін ел дамуына қосқан үлесі ретінде бағалап, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде болашаққа мақсаттары мен жоспарларын айқындады.
Шара оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін арттырып, білімге деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.
Сынып жетекшісі: Ж.А. Ильяс

Похожие публикации: