БАЛАУСА ЛАГЕРІ
2025 жылдың 26 мамыр күні “Балауса” жазғы лагері өз жұмысын бастады. Бүгін жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Ашылу барысында түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылып, балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылды.