Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қараша
2023

«ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ — ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» тақырыбындағы СЫНЫП САҒАТЫ

15 қараша — Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1993 жылдың 12 қарашасында «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. 

Атаулы мерекеге орай мектебімізде 14 қараша күні 2 «А» сынып оқушыларымен «Ұлттық теңге — ұлт мақтанышы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты — тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

Сынып сағатында оқушылар төл валютамыздың қабылдану тарихымен танысып, өзара ой-пікір алмасты.

Сынып жетекшісі: Донгабакова Алтын Қаһарманқызы, бастауыш сынып мұғалімі.