07
қараша
2023
«АЛТЫН КҮЗ — 2023» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА
Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Осыған орай мектебімізде бастауыш сынып мұғалімі Донгабакова Алтын Қаһарманқызының ұйымдастыруымен 2 «А» сынып оқушылар арасында «Алтын күз» мерекесі аталып өтті.
Іс-шараның мақсаты — балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, шығармашылығын шыңдау, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Оқушылар түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туындылар жасап, өз өнерлерін ортаға салды. Табиғаттың ерекше күйге еніп, алтын түске боялған шағын ерекше бейнелеген мереке көңілімізге жақсы әсер қалдырды.