Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қазан
2023

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ — ҰЖЫМ МЕРЕЙІ

Әлемде 40 мыңнан аса мамандық атаулысы бар. Солардың ішіндегі ең ардақтысы, жауапкершілігі жоғары ұстаздық қызмет. Мұғалім болу оңай, алайда ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейтіні анық. «Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. 

Жақсыбекова Нұргүл Муханбетовна — мектебіміздің жоғары санатты география пәнінің мұғалімі, білім саласында үздіксіз 41 жыл еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұлағатты ұстаз үнемі шығармашылық, кәсіби білім-білігін шыңдап, қалалық және республикалық деңгейдегі жүлдегер шәкірттерді дайындады. Ерен еңбегі еленіп, Педагогикалық шеберлік орталығының, «Өрлеу» АҚ-ның, Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. 2017 жылы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісіне ие болды. 

Кәсіби мерекеміз Ұстаздар күніне орай ұлағатты ұстаз білім беру саласына сіңірген еңбегі мен көп жылдық нәтижелі жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың арнайы алғыс хатына ие болды. Ұлағатты ұстаздың жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі мен ағартушылық қызметі әрқашан да құрметке лайық! 

Мектеп ұжымы атынан әріптесіміз, ұлағатты ұстаз Нұргүл Муханбетовнаны мерейлі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс тілейміз!