Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сәуір
2023

«БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ҚОЙЫЛЫМЫ

2023 жылдың 5 сәуірінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өтеген Бекет Үсенбекұлының ұйымдастыруымен мектебіміздің бір топ шәкірттері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында сахналанған «Болмаған балалық шақ» қойылымына барды. 

Шәкірттеріміз дарынды актерлердің образдарды сомдауына, қойылымға, өзін-өзі ұстауына тәнті болды. Оқушылар басты рөлді сомдаушы актердің шығармашылық шеберлігі мен шығарма тақырыбының өзектілігіне таңғалды.

Театр — өзгеше эстетикалық әлем. Сондықтан ол оқушылардың қызығушылығын оятып, эстетикалық тәрбие алып, рухани дамуына игі ықпал етеді деп сенеміз.