Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №93 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ «ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ
07
желтоқсан
2022

№93 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ «ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ МЕКТЕБІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 7 желтоқсан күні №93 жалпы білім беретін мектепте 1-4 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану мектебі» тақырыбында республикалық марафон өтті. 

Марафонның мақсаты — жас бүлдіршіндерімізді өз денсаулығына күтіммен қарауға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану әдебі мен тамақтану режимін әдетке айналдыру.

Марафонда мектебіміздің балалары асханада өз қолдарымен ас әзірледі. Ең басты талап – тағам табиғи азық-түліктен жасалуы тиіс. «Балаларға дұрыс тамақтану әдеттерін ерте жастан үйретсек, олар фаст-фуд сататын орындардан аулақ жүреді, бұл ата-аналардың да зиянды тағамдардан бас тартуына әсер етеді», - дейді мамандар. Аспаздар байқауы жыл соңына дейін жалғасады.

Республикалық марафонның жоғары деңгейде өтуіне мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Қожалимова Айгүл Чапаевна, Халықова Гүлмария Табигуловна, Халықұл Жаңылыс Тағабайқызы, Донгабакова Алтын Қаһарманқызы үлкен үлес қосты. 

Жоғары деңгейде өткізілген марафонға республикалық «Хабар 24» арнасының тілшілері арнайы қатысып, бейнесюжетті жаңалықтардың кезекті шығарылымында көрсетті.