Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшы
12
қараша
2020

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшы

Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 1-қосымша

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 2 (екі) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 7 (жеті) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны 

қағаз жүзінде 

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі 

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін 

7

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 

2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынады.

3), 4), 7), 8) 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер көрсетілетін қызметті берушінің оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, талап етілмейді.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады. 

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерін пайдалануға келісімін алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. 

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 телефондары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:

1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.




















Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларына
 3-қосымша

______________________
 конкурстық комиссияның атауы
 ____________________________
 __________________________
 кандидаттың тегі, аты және
 әкесінің аты (болған жағдайда)
 ____________________________
 ___________________________
 (лауазымы, жұмыс орны)
 ____________________________
 ____________________________
 нақты тұратын жері, тіркелген
 мекенжайы, байланыс
 телефондары

Өтініш

Мені_________________________________ басшысы бос лауазымына

білім беру ұйымының атауы

орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

білім беру ұйымының атауы

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық




Жұмыс өтілі:

Жалпы

Мамандық бойынша

Педагогикалық

Осы білім беру ұйымында





Алынған (берілген) жылын көрсете отырып, наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

________________________________________________________________________________

Конкурс қағидаларымен таныстым *

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20____жылғы «____» _______________ __________________________

(Қолы)

Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 4-қосымша

Нысан

___________________________
 (көрсетілетін қызметті
 алушының тегі, аты,әкесінің аты
 (болған жағдайда)

Құжаттардың қабылданғаны туралы колхат

________________________________________________________________

/көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіңіз/

________________________________________________________________

/көрсетілетін қызметті берушінің атауы/

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің (республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің) (қажеттісінің астын сызу керек) басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін қабылданған құжаттар тізбесі

1.__________________________________________________________

2.__________________________________________________________

3.__________________________________________________________

Кабылдады:

________________________________                              20__ жылғы "___" _________

(Орындаушының Т.А.Ә.) (қолы, байланыс телефоны)









Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 5-қосымша

Нысан

____________________________
 (көрсетілетін қызметті
 алушының Т.А.Ә.
 (болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларының 23 (26)-тармағын басшылыққа ала отырып,

___________________________________________________________________

/көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауын, мекен-жайын көрсетіңіз/

___________________________________________________________________

/жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсетіңіз/ атап айтқанда:

1) _________________________________;

2) _________________________________;

3) ________________________________________________ байланысты

__________________________________________________________________

/ көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә көрсетіңіз (бар болса) /

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының (республикалық маңызы бар мемлекеттік білім беру ұйымдарының) басшыларын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарын қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір данадан 2 данада жасалды.

20__ жылғы "___" _________ ____________________________

(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің

Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы, телефоны)

Қабылдадым: ________________________________________

/көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) /қолы

20__ жылғы «___» _________




Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 6-қосымша

Нысан

_________________________________________________________________ (Комиссия төрағасының Т.А.Ә. (болған жағдайда))

(тестілеуден өтетіндер үшін) ұйым басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда))

Өтініш

__________________________________________________________________ (конкурсқа қатысатын/конкурстан тыс кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады)

ЖСН _____________________________________________________________

Байланыс телефон нөмірі _________________________________________

"____" _______________ 20__ жыл

__________________________ (қолы)












Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 7-қосымша

Нысан

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау бойынша конкурс шеңберінде/конкурстан тыс тестілеуге қатысатын кандидаттардың тізімі 

ТАӘ (болған жағдайда) (толық)

ЖСН*

конкурста/

конкурстан тыс









* Ескерту: Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.

Мөр орны












Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 8-қосымша

Мемлекеттік ұйымдардың басшыларын орналастыруға және мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауға арналған конкурстық/ конкурстан тыс қатысушының тестілеуден өткендігі туралы анықтама

_________________________________________________

аттестатталушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

________________қаласында мемлекеттік ұйымның басшысы лауазымына

________________________________________

конкурстан/ конкурстан тыс

тестілеуге қатысқанын растайды

НҚА атауы

Тестік тапсырмалар саны

Шекті балл саны%

Жинаған балл саны

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеу

100 сұрақ

50%


2. Педагогика және психология негіздерін білуге арналған тестілеу

20 сұрақ

50%


Барлығы

120



Комиссия төрағасы: _______________________________

(Т.А.Ә.(бар болса), қолы)

Конкурстан тыс қатысушылар үшін кадр қызметінің маманы: _____________

(Т.А.Ә., қолы)

Мөр орны







Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 9-қосымша

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы

________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесәнің аты (болған жағдайда))

Өлшемшарттар

Балл саны (1-ден 10-ға дейін)

1

Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша теориялық білім деңгейі


2

Білім берудегі менеджменттің негізгі қағидаттарын білу


3

Кандидаттың жеке кәсіби қасиеттері


4

Қазіргі білім беру міндеттерін іске асыру жөніндегі идеялардың бірегейлігі мен негізділігі


5

Білім беру ұйымдарын табысты дамыту бойынша практикалық көзқарасы


6

Жағдаяттық тапсырмаларды ұтқыр, икемді шеше білу


7

Белсенді, жағымды педагогикалық ортаны құра білу


8

Білім беру ұйымдарын басқаруда шығармашылық әлеуетті пайдалану


9

Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті


Қорытынды:


Ескерту: Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың өлшемшарттарын комиссия мүшелері 10 балдық шкала бойынша бағалайды:

0-3 – жеткіліксіз деңгей;

4-7 – жеткілікті деңгей;

7-10 – өте жақсы деңгей.


Мемлекеттік орта, техникалық
 және кәсіптік, орта білімнен
 кейінгі білім беру ұйымдарының
 басшыларын конкурстық
 орналастыру және мемлекеттік
 мектепке дейінгі, орта,
 техникалық және кәсіптік, орта
 білімнен кейінгі және қосымша
 білім беру ұйымының басшысы
 лауазымына конкурстық
 тағайындау қағидаларына
 10-қосымша

Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесудің тақырыптық бағыттары

__________________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (болға жағдайда)

1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары.

2. Білім берудегі менеджменттің заманауи тәсілдері.

3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.

4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар.

5.Табысты білім беру ұйымының, табысты басшының, табысты білім алушылар/тәрбиенушілердің, табысты педагогтің өлшемшарттары.

6. Қазақстандық білім берудегі халықаралық зерттеулердің рөлі.

7. Білім беру ұйымындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйесі.

8. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу ерекшеліктері.

9. Әкімшілік пен Қамқоршылық кеңестің өзара әрекеттесу жүйесі.

10. Кадрларды даярлауда әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың рөлі.

11. Білім беру ұйымын білікті кадрлармен қамтамасыз ету міндеттері.

12. Білім беру ұйымының қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мен нәтижелері.

13. Экономика саласы үшін кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдері.

Мөр орны