Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа жылға – жаңа көңіл күй
19
желтоқсан
2025
Жаңа жылға – жаңа көңіл күй
Мектебіміз жаңа жыл мерекесіне орай әсем безендірілді. Жарқыраған шамдар, мерекелік әшекейлер мен жылы атмосфера мектепке ерекше сән беріп, оқушылар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
ШЫРША ЖАҒУ РӘСІМІ
18
желтоқсан
2025
ШЫРША ЖАҒУ РӘСІМІ
2025 жылдың 18 желтоқсан күні өткен Алматы қаласы Бостандық ауданының Шырша жағу рәсіміне мектебіміздің жас ұстаздары қатысты.  Мерекелік шара барысында жастарымыз көтеріңкі көңіл күй мен жаңа жылдық шаттықты сезініп, аудан тұрғындарымен бірге қуанышты сәттерді бөлісті. Шырша жағу рәсімі бірлік пен ынтымақтың, жаңа жылға деген үміт пен жарқын бастамалардың белгісі ретінде есте қалды.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
17
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
«Білім әлемі» олимпиадасынан І орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің 3 «Ә» сыныбының оқушылары  Егізбай Бақытжан Жанұзақ Заида Касымов Инсар Нұрғали Бауыржан Рустам Камила Ыкыласов Эльдар марапатталды.  Жетекшісі: Ж.Т. Халықұл Шәкіртімізді, әріптесімізді және ата-анамызды жеңісімен құттықтаймыз!
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16
желтоқсан
2025
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы, елдігіміздің берік негізі. Бұл күн – тарихымызды ұлықтап, болашаққа нық қадам басатын мерейлі мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін. Жас ұрпақтың білімді, саналы, отаншыл болып қалыптасуына бірлесе еңбек ете берейік. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында атқарылар игі
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
16
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақ биінің шырайы» би ұжымдары мен солистері арасындағы аудандық қазақ биі байқауында жүлделі ІІ орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ержанова Аружан марапатталды.  Жетекшісі: А.С. Елубай Өнерлі шәкіртіміздің шабыты сарқылмасын, сахнасы жарық болсын!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
16
желтоқсан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақ биінің шырайы» би ұжымдары мен солистері арасындағы аудандық қазақ биі байқауында жүлделі ІІ орын алғаны үшін №93 жалпы білім беретін мектебінің «Кербез» би ансамблі марапатталды.  Жетекшісі: А.С. Елубай Өнерлі шәкірттеріміздің шабыты сарқылмасын, сахналары жарық болсын!