Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰСТАЗДАР КҮНІ
03
қазан
2025
ҰСТАЗДАР КҮНІ
2025 жылдың 3 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып түлектерінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті.  Мерекелік шара барысында ұстаздарға деген алғыс пен құрмет сөздері айтылып, оқушылардың өнерлі де шабытты орындауларымен әсем әндер мен көңілді билер тарту етілді.  Бұл кеш ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мектеп ұжымын бірлік пен жылы ықыласқа бөледі.
ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА
02
қазан
2025
ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА
Білімнің шамшырағы, ұрпақтың жолбасшысы болған барлық ұстаздарға алғысымыз шексіз! “Алматы” телеарнасының журналисті Көлжігіт Аяулым Темірханқызы барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. “Ұстаз – мәңгілік мамандық. Сіздердің еңбектеріңіз – ел ертеңіне салынған берік іргетас. Ұстаздар күні құтты болсын!” Ұстаздарға құрмет – ұлтқа қызмет!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
01
қазан
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған Алматы қаласы мұғалімдерінің қалалық спартакиадасында волейбол спорт түрінен жүлделі ІІІ орын иеленген №93 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Каскарауов Ершат Муратбекович марапатталды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
ҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
01
қазан
2025
ҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
2025 жылғы 1 қазан күні №93 жалпы білім беретін мектепте қалалық сейсможаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өз-өзін және өзгелерді қорғау дағдыларын жетілдіру. Шараға арнайы қонақтар қатысты: Алматы қаласы әкімдігі жанындағы аумақтық азаматтық қорғау бойынша мобилизациялық дайындық басқармасының бастығы – Рыскулбек Аскар Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан – Оспанов Куаныш Муратулы Бостандық ауданының ТЖ
Назад 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Вперед